Мамин: Біздің армия мемлекетіміздің аумақтық тұтастығы күзетінде тұр

primeminister.kz
Бұл мереке – ерліктің, ар-намыстың, батылдық пен патриотизмнің символы - Асқар Мамин.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин азаматтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Үкімет басшысының құттықтауы Премьер-министр сайтында жарияланды.

Құрметті қазақстандықтар, баршаңызды Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын!

Бұл мереке – ерліктің, ар-намыстың, батылдық пен патриотизмнің символы. Отанды қорғау біздің ата-бабаларымыз үшін қашан да қасиетті борыш саналған. Сол аға ұрпақтың даңқты дәстүрін бүгінде Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштері абыроймен жалғастырып келеді!

Біздің армиямыз елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуден бастап, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға, сондай-ақ пандемияның таралуына қарсы бағытталған ауқымды міндеттерді тиімді шеше отырып, мемлекетіміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын күзетуде.

Тәуелсіз Қазақстанның қорғаныс қабілетін нығайтып, еліміздегі тыныштық пен тұрақтылықты сақтауға Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, құқық қорғау органдарының және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, әскери жиындарға шақырылған әскери қызметке міндетті азаматтар мен өзінің қызметтік борышын атқарып жүрген қазақстандықтар да қомақты үлесін қосуда.

Барлық әскери қызметшілерге мықты денсаулық, бейбітшілік пен аман-саулық, Отанға алдындағы игілікті істеріне табыс тілеймін!

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты