Мәулен Әшімбаев карантиннен шықты

Facebook.com
Жұмысымды тоқтатпай, қашықтан атқарып отырдым - Мәулен Әшімбаев.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жұмысына кірісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол бұл туралы Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Соңғы тапсырған екі ПТР сынамасының нәтижесі ойдағыдай болып, індеттен жазылып шықтым. Соған байланысты екі аптаға жалғасқан карантиннен кейін бүгін қайтадан қалыпты жұмыс форматына көшкенімді хабарлаймын. Жалпы, осы уақыттың ішінде бойымда аурудың ешқандай белгілері байқалған жоқ. Сондықтан жұмысымды тоқтатпай, қашықтан атқарып отырдым. Осы ретте жылы лебіздеріңізбен қолдау көрсетіп, тезірек сауығып кетуіме тілектестік білдірген баршаңызға алғысымды жеткізгім келеді. Мен үшін мұның маңызы зор", деп жазды ол.

Оның айтуынша, алда елдік мүдде жолында атқаратын әлі талай ауқымды міндеттер тұр.

"Соларды іске асыру кезінде де өздеріңізбен үнемі байланысты боламыз деп сенемін. Өкінішке қарай, пандемия қаупі әлі сейілген жоқ. Сондықтан сақтық шараларын ұстанып, медицина қызметкерлері мен мамандардың ұсынымдарын барынша орындауымыз керек. Бұл – өзімізбен бірге туған-туыстарымыз үшін де аса маңызды. Баршаңызға зор денсаулық тілеймін! Аман болыңыздар", - деді Әшімбаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді