Одаққа кіріп алып, Ресейдің қоқысын елге тасып жатырмыз

facebook.com
Автосалоннан көлік алайын десең, 19-21 пайызбен халық қалтасынан қағылып отырып төлеп жатыр.

Еуразиялық экономикалық одақ біздің елдің қан тамырын теспей-ақ қанын ішіп жатыр, дейді Бекболат Қаржан.

Соғыстан ойсырай жеңілген, экономикасы тоқырап, талқаны шыққан Арменияда да көліктің бағасы біздегідей емес. Демек, мақтауын келтірген Қазақстанның жағдайы Армениядай да емес деген сөз бе?
Автосалоннан көлік алайын десең алғашқы салымнан кейінгісі 19-21 пайызбен халық қалтасынан қағылып отырып төлеп жатыр. Бұл жоғарыда отырған бір ғана топтың құлқыны үшін ғана жасалған.
Біз жамандаған Арменияда біздің талай азаматтар көлік алып, Қазақстанға тасып жүр. Әрине, арзан бағамен. Біздегі "утильсбор" деген кесапатты алып тастамаса, алдағы 10-15 жыл бойы біздің халық жөні түзу көлікке қолы жетпейтін болады.

Еуразиялық одаққа кіріп алып, Ресейдің барлық қоқысы мен қаңылтырларын елге тасып жатырмыз. Сақырлаған ескі көліктерден болған жол апатынан қайтыс болған адамдардың саны соғыста қайтыс болған адамдардан да артық болып шығатын шығар... Бұл біздің өкіметті ойландырмайды ма? Халық болып көлікке қойылған утильсборды алып тастауды талап етеміз. Тыңдайтын, еститін мемлекет құрып, естертетін саясат жүргізіп отырған ел басшылары, халықтың мынау жан-айқайына да қараңдар! Заманның қарыштап дамып жатқан кезеңінде қазақтың баласының жақсы сапалы көлікке қолы жетпей, күйініп отырғаны кімге керек?

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Қазақстанда 2-4-сынып оқушыларына қатысты жаңа талап енгізіледі

"Қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі". Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды