Алматы облысында шенеунік 43 млн теңге жымқырды деп күдіктелуде

5region.kz
Бірыңғай есептеу орталығының бастығы ақша ұрлады.

Алматы облысында шенеунік тұрғын үй-коммуналдық қызмет ақысын төлеуге арналған 43 млн теңгені заңсыз иемденді деп күдіктелуде, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Бірыңғай есептеу орталығы басшысының тұрғын үй-коммуналдық қызметке, оның ішінде жылумен жабдықтауға, су ақысын төлеуге арналған қаражатты басқа шоттарға аудару арқылы ұрлау фактісін анықтады.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189 бабымен сотқа дейінгі іс тіркелді. Келтірілген залал мөлшері 43 млн теңге.

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

Салықтық шығындар туралы талдамалық есеп қалыптастыру қағидалары бекітілді