Тағдыр тәлкегі. ШҚО-да 70 адам түрмеде мектеп бітіріп жатыр

ШҚО ҚАЖ Департаменті
70 сотталғанға соңғы қоңырау соғылды.

Шығыс Қазақстан облысының колонияларында кезекті соңғы қоңырау 70 сотталғанға соғылып, мектеппен қоштасты. Биыл облыс бойынша 70-ке жуық сотталушы оқуды аяқтады, олар тағдырдың қалауымен темір тордың арғы жағында білім алып шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Міне, екінші жыл біз пандемияға байланысты колонияда сотталғандарға соңғы қоңырау іс - шарасын ауқымды өткізе алмаймыз. Сондықтан сотталған оқушылар үшін мұғалімдер шағын мерекелік концерт дайындады. Сотталған оқушылар мұғалімдерге шыдамдылығы үшін және колониядан босап шыққан соң қолдарына алған аттестатың өздеріне жаңадан өмір бастауға үлкен мүмкіндік алғаны үшін алғыстарын айтты.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша барлығы 200-ден астам сотталған колония мектептерінде оқып, білім алуда. Сотталғандардың жасы 30 дан басталады. Бұл жаста олардың көпшілігі мектепке баруға ұялады. Алайда олардың кейбіреулері білімнің болашақта қажет болатынына және өмірлерін жақсы жаққа өзгертуге әсерін тигізетініне сенімді, - деді ШҚО бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Ғалымжан Балтабаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады