Алматының Арбаты қашан ашылады?

zakon.kz
Арбатқа адам тым көп жиналғыш болып кетті.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Арбаттың неге жабылғанын және қашан ашылатынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Жандарбек Бекшин Арбаттың толық жабылмағанын айтты – жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар жабылмаған, адамдар барлық нысандарға бара алады.

Бірақ тұрғындар шағымдана бастады, жағдай бақылаудан шыға бастаған еді – кешке және түнде адам өте көп болады. Әлеуметтік қашықтыққа қойылатын талап жаппай бұзылды, халық бетпердесіз болды, сондықтан "қызыл" аймақтан шыққанша ол жерде еркін жүрісті тоқтата тұруға тура келді. Кейінірек Арбатты ашу мәселесін қарастырамыз, - деді Бекшин.

Бекшин өзге демалыс орындарының ашық екенін, қала сыртына шығатын жолдардың бәрі де ашық екенін айтты.

Бірақ Арбатқа адам тым көп жиналғыш болып кетті, ол жерде халық қыдырмайды, көбіне парапеттерде сағаттап отырады. Қазір Арбатта қызық ештеңе жоқ, деді спикер.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда