Қазақстанда қару сатып алушылар қарасы көбейген

Сонымен бірге, бүгіндері елімізде атыс қаруының 231 мың иесі тіркелген, олардың заңды қолданыстағысы - 340 мыңға жуық. Әдетте, бұл аң аулауға арналған тегіс ұңғылы қарулар (86,7%).

Соңғы бірнеше жыл ішінде Қазақстанда қару-жарақты алуға құқық қорғау органдары берген рұқсат қағаздар саны күрт өсті. Бұл туралы ҚР ІІМ мәрімет таратты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

2015 жылы полиция сатып алуға 37 мыңнан астам рұқсат қағаз берді, ал 2020 жылы шамамен 47 мың рұқсат және 2021 жылдың 4 айында 9 мыңға жуық рұқсат берілді, негізінен азаматтар аң аулауға арналған тегіс ұңғылы қаруды сатып алады, - делінген редакцияның ресми сауалына берілген жауапта.

Сонымен бірге, бүгіндері елімізде атыс қаруының 231 мың иесі тіркелген, олардың заңды қолданыстағысы - 340 мыңға жуық. Әдетте, бұл аң аулауға арналған тегіс ұңғылы қарулар (86,7%).

"Қарудың жекелеген түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау туралы" заңның 15-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматы сатып алған қарудың жалпы саны мына шектен аспауы тиіс: аңшылық атыс қаруы: шолақ мылтық екеуіне рұқсат; тегіс ұңғымалысы да екеу; өз-өзін қорғау қаруы , ол да екеу, оның ішінде тегіс ұңғылы атыс қаруы немесе газ тапаншасы, револьвер немесе электрлік қару болуы керек, делінген хабарламада.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: