Қазақстанда "Ана капиталы" болмайды

Норвегияда 18 жасқа толғанға дейін әр балаға 64 000 теңге шамасында ақша беріледі.

Елімізде балаларға арналған жәрдемақы түрлеріне тоқталмас бұрын, әуелі бұған дейін шенді-шекпенділер "ана мен бала" статусын көтеру үшін қандай ұсыныстар айтты. Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасы хабарлайды.

Ерлан Смайылов, ҚР Парламенті Мәжіліс депутаты:

Елімізде ана капиталын енгізу қажет. Ол бойынша мемлекет Қазақстан азаматтарына дүниеге келген әр бала үшін 4,2 миллион теңге беруі тиіс. Бұл қаражат отбасының баспана мәселесін реттеуіне немесе баланы оқытуға, ананың зейнетақы жинағына жұмсалуы керек.

Қоғамда үлкен резонанс тудырған әлгі "4 миллион теңге" балалы болғысы келетіндерге үміт сыйлағаны анық. "Ана капиталын" енгізу демографияға серпін берері сөзсіз еді. Бірақ, ұсыныс сол күйі басы ашық күйінде қалды. Ал жуырда Мәжіліс депутаты Айжан Ысқақова әр балаға 230 мың мың төлеуді ұсынды.

Ал қоғам белсендісі елімізде ана мен балаға жасалып жатқан қамқорлық жеткіліксіз деп есептейді. Мардымсыз жәрдемақы азық-түліктен артылмайды. Ал білім, оқу, өзін жетілдіру мәселесі мүлдем қарастырылмаған.

Сондықтан көрші Ресей енгізген "Ана капиталы" біздің елге де қажет дейді.

Айша Құрманғали, қоғам белсендісі:

Бізде сонымен қатар, бір жасқа дейінгі балаларға жасалады. Ал одан кейін қажеттілігі артып, өскен саң талғамы да өсуге өзін дамытуы ескерілмейді.

Өз елімізге оралсақ! Бізде нақты қандай жәрдемақы бар? Атап айтқанда, бала туғанда берілетін біржолғы және бір жасқа дейінгі ай сайынғы жәрдемақы, жүктілікке және босануға байланысты төлем, көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақы тұрақты түрде беріледі. Сондай-ақ...

Гүлмира Жәкенқызы, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің басқарма басшысы:

Жанұяда асыраушысына айырылған жағдай бала санына байланысты, мсқ әр балаға жәрдемақы тағайындалады. Ол ай сайын тағайындалады. Жалпы алты бала туылса анасына күміс алқа тағайындалады, 7 блала тағайындалса алтын алқа, ай сайын жәрдемақы беріледі.

Әлем елдерінде балаларға бірнеше жәрдемақы қарастырылған. Оның ішінде, кейбір мемлекеттерде "Ана каптиалы" деген бар. Мәселен, Ресейде тұңғышын босанған анаға 485 мың рубль беріледі. Теңгеге шаққанда шамамен 2 млн 800 мың. Ал Украинада енді ана атанған әйелге теңгемен есептегенде 640 мың бір реттік жәрдемақы беріледі екен. Ол үш жылға бөліп төленеді. Австралияда бір реттік жәрдемақаның көлемі 1 млн 300 мың теңге. Ал Норвегияда 18 жасқа толғанға дейін әр балаға 64 000 теңге шамасында ақша беріледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: