Тоқаев ел азаматтарының құқығы туралы маңызды Жарлыққа қол қойды

Тоқаев Жарлықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Атап айтқанда, адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралар қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне келесі жұмыс бағыттарын көздейтін Адам құқықтары саласындағы басым шаралар жоспарын бекіту тапсырылды:

- БҰҰ-ның шарттық органдарымен және БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша кеңесінің арнаулы рәсімдерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру;

- адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету;

- мүгедектігі бар азаматтарға қатысты адам құқықтары;

- әйелдерге қатысты кемсітуді жою;

- бірлесу бостандығына құқық;

- пікір білдіру бостандығына құқық;

- адамның өмір сүруге және қоғамдық тәртіпке құқығы;

- үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру;

- адамның қылмыстық сот төрелігі, атқару және азаптаулар мен қатыгез іс-әрекеттердің алдын алу саласындағы құқықтары.

Жыл сайын 25 қаңтарға қарай жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсыну тапсырылды.

Тоқаев Жарлықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктеді.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: