Өз немересінен зорлық-зомбылық көрген зейнеткерлер Алматы полициясына шағым түсірді, – деп хабарлайды zakon.kz.
Polisia.kz сайтының хабарлауынша, егде жастағы тұрғындар көмек сұрап Наурызбай ауданының учаскелік инспекторларына жүгінді. Әжесінің айтуынша, олар қыз немересінен зорлық-зомбылық көреді.
– Біздің бөлімнің қызметкерлері зейнеткерлердің тұрғылықты жеріне барды. Олармен бірге ұл немересі де тұрады. Ал қыз немересі бұған дейін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Әйел өзінің туыстарын: әжесін, атасын және өгей ағасын жүйелі түрде қол көтеретіні анықталды. Өтініш берушінің айтуынша, әйел 77 жастағы атасының зейнетақысын тартып алады, ол бұрын нағашы ата-апасына да қол көтерген. Әжесі, сонымен қатар, жанжал кезінде немересі оларды көшеге қуып жіберетіндігін, үйде жиі төбелес шығаратындығын, үй заттарын сындыратырдығын, өгей бауырын түрмеге жаптырамын деп қорқытатындығын айтты, – дейді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.
– Өз анасын ұрады. Оны бұл жерден кетуге мәжбүр етті, анасының жүрегі ауырады, шыдай алмайды. Ол бәрін сындырды, өте агрессивті. Атасын бірнеше рет ұрды. Ол мұның бәрін кейінірек өзі иемденіп қалу үшін істейтін секілді, бізді құртқысы келетін шығар, – деді зейнеткер.
Үйдегі жанжалдарды көршілер де растайды.
– Күн сайын жанжал. Шынымды айтсам, бұл сондай жағымсыз. Араша түсуге тырыстық, бірақ бұл бөтен отбасы, не дей аласың, – дейді зейнеткерлердің көршісі.
Учаскелік полицейлер хабарлағандай, әйел адаммен бірнеше рет профилактикалық әңгіме өткізілген.
– Осы факт бойынша біз зейнеткерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі туралы қорғаныс бұйрығын шығардық. Бұл отбасы бақылауға алынды және біз осы үйдегі жағдайды және құқық бұзушының мінез-құлқын бақылап отырамыз. Егер осы іс-әрекет қайталанса, тиісті шаралар қолданылады, – деді Наурызбай аудандық ПБ-ның учаскелік инспекторы Ғалым Жарылқасынұлы.