Тоқаев ЕАЭО шартына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады

Ақорда
Осы хаттаманы ратификациялау сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға уақыт пен қаржылық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазіргі кезде кедендік төлемдер мен салықтардың алты түрін кедендік рәсімдеу кезінде төлеуге болады.

Осы хаттаманы ратификациялау сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға уақыт пен қаржылық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді, атап айтқанда:

біріншіден, кедендік декларациялау үшін кедендік алымды, кедендік бажды, қосылған құн салығын, акцизді, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы бажын төлеу үшін бірнеше төлем тапсырмаларын пайдалану қажеттілігіне байланысты шығындарды барынша азайтуға мүмкіндік береді.

екіншіден, қолда бар аванстық төлемдерді кедендік баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауға пайдалануға болады.

үшіншіден, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар осы төлемдерді пайда болған берешекті өтеуге жұмсай алады.

төртіншіден, бюджеттік сыныптама кодының әрбір түрі бойынша ақша қаражатының қалдықтарын жеке-жеке қадағалау қажеттілігі жоқ.

Кеден органы аванстық төлемдерді енгізген тұлғаның өтініші бойынша оған аванстық төлемдер ретінде енгізілген ақша қаражатының жұмсалуы туралы есеп береді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін