Қазақстаннан қарақұмықты шығару квоталанатын болады

Pixabay
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін қарақұмық экспортын 4200 тонна шегінде жүзеге асыру мүмкіндігі сақталды.

Халықты қамтамасыз ету және қарақұмық жармасына ішкі бағаларды тұрақтандыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешімімен үш ай мерзімге 2021 жылғы 31 тамызға дейін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден қарақұмық экспортына сандық шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

Қарақұмықтың ішкі қорларының, экспорттық келісімшарттардың болуын ескере отырып, қазақстандық кәсіпкерлер үшін қарақұмық экспортын 4200 тонна шегінде жүзеге асыру мүмкіндігі сақталды.

Сонымен қатар ЕАЭО-ның басқа елдерінде осы жарманы әкетуге нақты тыйым салынған.

Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Сауда және интеграция министрлігі экспорттаушылар арасында осы квотаны бөлу ережелерін талқылауда.

2020 жылы қарақұмық экспорты 4,3 млн долларға 7,5 мың тоннаны құрады, 2019 жылмен салыстырғанда заттай көріністе 5,85%-ға ұлғайды.

Сонымен қатар, 2020 жылы олардың көп бөлігі Украинаға (94%), аз ғана бөлігі Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия және Польшаға экспортталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты