Тараз жасөспірімдері жеңімпаз атанды

Аталған жарыста еліміздің облыстарының және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент құрама командалары бақ сынады.

2021 жылдың 6-15 маусым күндері Тараз қаласы "Ұлан" стадионында 2008 жылы туған жасөспірімдер арасында футболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты жалауын желбіреткен болатын. Аталған байрақты бәсекеде Жамбыл облысының футболдан жасөспірімдер құрамасының мерейі үстем болып Қазақстан Республикасының жеңімпазы атанды.

Ақтық сында Маңғыстау облысының құрамасымен негізгі уақытта бірде-бір есебімен ойнап, пенальти тебуде 7-6 есебімен басым түсіп футболдан 2008 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының жеңімпазы атанды. Жеңімпаз және жүлдегер атанған құрамаларды Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек марапаттады.

Аталған жарыста еліміздің облыстарының және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент құрама командалары бақ сынады. Футболдан жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты жыл сайын ұйымдастырылады. Басты мақсат- аталмыш дода арқылы талантты футболшыларды анықтап, оларға алдағы уақытта бағыт-бағдар беру.

Қазақстан чемпионатында өнер көрсеткен құрамалар тізіміне тоқтала кетсек:

А тобында өнер көрсеткен құрамалар:

Түркістан облысы

Солтүстік Қазақстан облысы

Алматы облысы

Нұр-Сұлтан қаласы

Ақтөбе облысы

Шымкент қаласы

Б Тобында бақ сынаған құрамалар:

Жамбыл облысы

Қостанай облысы

Маңғыстау облысы

Қарағанды облысы

Ақмола облысы

Павлодар облысы

Ақтық сынға дейінгі ойындар нәтижесі:

"Жамбыл облысы" 2:0 "Павлодар облысы"

"Маңғыстау облысы" 0:2 "Қарағанды облысы"

"Жамбыл облысы" 6:0 "Қостанай облысы"

"Ақмола облысы" 1:3 "Маңғыстау облысы"

"Ақмола облысы" 0:4 "Жамбыл облысы"

"Маңғыстау облысы" 7:0 "Павлодар облысы"

"Жамбыл облысы" 1:0 "Қарағанды облысы"

"Қостанай облысы" 1:5 "Маңғыстау облысы"

"Маңғыстау облысы" 0:1 "Жамбыл облысы"

"Маңғыстау облысы" 0:1 "Жамбыл облысы"

Жартылай финалдық ойындар нәтижесі:

"Маңғыстау облысы" 6:3 "Алматы облысы"

"Ақтөбе облысы" 0:2 "Жамбыл облысы"

Қола жүлде үшін ойын нәтижесі:

"Алматы облысы" 1:2 "Ақтөбе облысы"

Ақтық ойын:

"Жамбыл облысы" 1 :1 по пенальти (7-6) "Маңғыстау облысы"

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: