2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді
Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысы 2026 жылғы 11 маусымда "Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатта мыналар көзделген:
- бір палаталы Парламент – Құрылтайдың қызметіне, сондай-ақ Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуына байланысты өзгерістер енгізу;
- кодекстің бүкіл мәтіні бойынша "шетелдік" терминін "шетел азаматы" терминімен ауыстыру;
- ұлттық валютаның атауын "теңге" түрінде жазу;
- құқықтық терминологияны жетілдіруге бағытталған редакциялық түзетулер енгізу. Атап айтқанда, 23-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі "заңнамалық актілер" деген сөздер "заңдар" деген сөзбен ауыстырылады;
- референдумдарға қатысты тұжырымдарды нақтылау ("республикалық референдум" орнына енді "жалпыхалықтық референдум" деп көрсетіледі);
- Астана қаласының ерекше мәртебесін ескере отырып, аумақтардың атауларын көрсету тәртібін белгілеу. Жаңа жазылу тәртібі: "астана, облыс, республикалық маңызы бар қала".
Сонымен қатар, "Қазақстан Республикасының Конституциялық соты туралы" заңның 40-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес, Салық кодексінен Конституциялық сотқа жүгінгені үшін алынатын мемлекеттік баж да алып тасталады.
Заң 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript