Желіде "Қазақстанда карантин шаралары күшейтіледі" деген ақпарат тарады

zakon.kz
Шындығында, бұл жаңалық эфирге 2020 жылы 18 маусымда шыққан.

Желі қолданушылары карантиннің күшейтілетіндігі туралы 2020 жылғы жаңалықтардың үзінді-видеосын жаппай бөлісіп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Хабар телеарнасының жүргізушілері 20 және 21 маусымда елімізде карантиндік шаралар күшейтілетіні туралы хабарлайды: олар ірі сауда үйлерінің жұмысына және қалалық көліктердің қозғалысына тыйым салатынын айтады.

Шындығында, бұл жаңалық эфирге 2020 жылы 18 маусымда шыққан.

Қазақстан Республикасында ахуал тұрақты және бүгінгі күнге дейін карантиндік шараларды күшейту туралы мәселелер көтерілген жоқ, - деді ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Бүгіндері "қызыл" аймақта тек Нұр-Сұлтан қаласы қалып отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды