Қырғыз елінің бұрынғы бірінші вице-премьері ұсталды

Кабар
Тергеу кезінде Тайырбек Сарпашев үкіметте басшылық лауазымдарды атқара жүріп, "Центерраның" мүддесі үшін "Мұздықтар туралы" Заң жобасын әзірлеуге және қабылдауға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кедергі келтіргені анықталды.

Премьер-министрдің бұрынғы бірінші орынбасары Тайырбек Сарпашев "Құмтөре" ісі бойынша ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

24kg хабарлағандай, сотқа дейінгі іс жүргізу барысында Қырғызстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Тайырбек Сарпашевтің елдің жоғары саяси басшылығымен және канадалық "Центерра" компаниясының өкілдерімен келісіп, осы компанияның мүддесін қорғай отырып, "Құмтөре" кенішінде орналасқан мұздықтардың экологиялық қауіпсіздігіне зиян келтіруге бағытталған қылмыстық әрекеттері анықталды.

Тергеу кезінде Тайырбек Сарпашев үкіметте басшылық лауазымдарды атқара жүріп, "Центерраның" мүддесі үшін "Мұздықтар туралы" Заң жобасын әзірлеуге және қабылдауға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кедергі келтіргені анықталды.

Сонымен қатар, Сарпашев Су кодексіне парламенттің қарауына "Құмтөре Голд Компаниясына" Құмтөре кенішінде орналасқан Лысый және Давыдов мұздықтаррын игеруге мүмкіндік беретін түзетулер енгізді, бұл олардың жойылуына әкелді, деп хабарлады Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Министрлік таяуда Тайырбек Сарпашевке аталған қылмысты жасады деген күдік туралы құлағдар етілетінін және Бішкектің Первомай аудандық соты тергеу кезеңіне қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесін қарайтынын айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді