Covid-2019: Қазақстан қайтадан "қызыл" аймаққа түсті

zakon.kz
Министрдің айтуынша, Нұр-Сұлтан мен Алматыда науқастардың көбеюіне байланысты ауру өсімі артқан.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай бойынша есеп беруде, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Ол 26 маусымнан бастап еліміздің "қызыл" аймақта екенін атап өтті. Қазір елімізде "қызыл" аймақта бес өңір бар: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан ​​облыстары. Қалған өңірлер "сары" мен "жасыл" аймақтарда.

Соңғы аптада коронавирус инфекциясының 39% өсімі байқалды. 29 маусымдағы жағдай бойынша жұқпалы ауруларға арналған төсек-орындардың 27% қамтылған, жан сақтау бөліміндегілердің - 24%, - деді Алексей Цой үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, Нұр-Сұлтан мен Алматыда науқастардың көбеюіне байланысты ауру өсімі артқан.

Тартқатып айтсақ, бүгінгі таңда Нұр-Сұлтандағы жұқпалы ауруларға арналған төсек-орындардың 65%, жан сақтау бөліміндегілердің 74% қамтылған. Алматыда жұқпалы ауруларға арналған төсек-орындардың 32%, жан сақтау бөліміндегілердің 31% қамтылған.

Айта кетсек, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин шаралары күшейтілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды