Бұл заң үш айдан астам уақыт (қыркүйектен желтоқсанға дейін) Парламентте белсенді талқыланды, деп хабарлайды zakon.kz.
ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов заң жобасын ұсына отырып, заң жобасын әзірлеу кезінде негізгі міндет тұтынушыларымызды қауіпсіз емес өнімнен қорғау ғана емес, сондай-ақ бақылау іс-шараларын жүзеге асыру кезінде оларға артық жүктеме көрсетпей, отандық тауар өндірушілерді қолдау тетіктерін енгізу болғанын атап өтті.
Заңдағы жаңалықтар туралы бұрын бірнеше рет айтылған болатын, бұл бірінші кезекте, нарықты бақылау және қадағалау институты, ол өнімді айналысқа шығару мониторингі негізінде және тұтынушылардың өтініштері бойынша жүргізіледі, сондай-ақ өнім сертификаттаудың ақпараттық жүйелері арқылы қадағаланатын болады (кейіннен электрондық сертификаттар Еуразиялық экономикалық комиссияның жалпы процестерімен ықпалдастырылатын болады). Ақпараттың негізінде зертханалық сынақтар жүргізу және қауіпсіз емес өнімді анықтау үшін өнім үлгілерін іріктеу рәсімі жүргізілетін болады.
Қауіпсіз емес өнімді анықтаған кезде өнімді айналымға шығаруға тыйым салу және алып қою түрінде жедел ден қоюдың құқық шектейтін шаралары қолданылатын болады.
Өнімге қосарланған бақылауды болдырмау үшін заңда өнімге мемлекеттік бақылаудың аражігі ажыратылған. Енді Комитет мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық, ветеринариялық-санитариялық, карантиндік-фитосанитариялық бақылауға және қадағалауға жататын өнімді қоспағанда, қатысты техникалық регламенттер қолданысқа енгізілген өнімді айналымға шығару сатысында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Жаңа енгізілімдер техникалық реттеу саласындағы бақылау-қадағалау қызметінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді, олар ішкі нарықты қауіпсіз емес өнімнен қорғауға, қазақстандық тауарларды сыртқы нарықтарға жылжытуға, отандық өндірушілердің бәсекелестік артықшылықтарын қорғауға және Қазақстанға тиімді позицияларды кәсіби қорғауға бағытталған.