Тәліптер Иран мен Түрікменстан шекарасында орналасқан қос бекетті басып алды

Соңғы аптада тәліптердің шабуылы күшейе түсті.

"Талибан" радикалды тобының содырлары Иран мен Түрікменстанмен шекаралас Ислам-Қала және Торгунды қалаларын басып алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ферғана басылымының хабарлауынша, екі қала да Герат провинциясында орналасқан.

Иранға баратын негізгі сауда жолы Ислам-Қала арқылы өтетіндігі атап өтілді.

Ислам-Қала кеденінің барлық лауазымды қызметкерлері және онда орналасқан көптеген қауіпсіздік күштері тәліптер аймаққа кіргеннен кейін Иранның шекарасын кесіп өтті, деп хабарлайды басылым.

Сонымен қатар Түркіменстандағы екі ірі сауда қақпасының бірі - Торгунды қаласы содырлардың бақылауына өтті (ауған-түркімен шекарасындағы екінші "Акина" бақылау-өткізу пункті 5 шілдеде жабылды, себебі тәліптер басып алды).

Соңғы аптада тәліптердің шабуылы күшейе түсті. 21 маусымда олар Тәжікстанмен өтетін негізгі шекара өткелі - "Шерхан-Бандарды" бақылауға алды. Шілденің басында тәліптер Өзбекстанмен шекарадағы Балх провинциясындағы Калдар ауданын басып алғаны хабарланды. Бұл аймақта ауған-өзбек шекарасындағы жалғыз шекара өткелі Хайратон орналасқан (айналасында ауған үкіметінің күштері "қауіпсіздік белдеуін" жасады).

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: