4 миллионға жуық қазақстандықтың түрлі затқа аллергиясы бар. Мамандар ересектерге қарағанда жасөспірімдер мен балалардың арасында иммундық жүйе бұзылғанын айтуда. Тіпті жаңа туған сәбилердің ана сүтіне аллергиясы анықталуда. 21 ғасырда кең тараған аурудың емі бар ма? Балаларды қалай қорғаймыз?
Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасы хабарлайды.
Ғасыр ауруы саналатын аллергия елімізде жыл санап дендеп барады. Мамандардың есебінше, әлемде әрбір екінші адамның кез келген затқа аллергиясы бар. Нақтырақ айтсақ, 7 миллиард адамның 55 пайызының иммундық жүйесі бұзылған. Еліміздегі жағдайға тоқталсақ.
Ресми ақпартқа қарағанда аллергиялық реакциямен дәрігерге көрінгендердің саны - 186 378 адам. Оның 82 160-сы бала. Жасөспірімдер 11 064, ал ересектер 95 154.
Мәселен, қала тұрғыны Толқын Қадырқызы баласының иммундық жүйесі бұзылғанын айтады. Алғашқы симптомдары балабақшада байқалыпты. Ал уақыт өте сүт өнімдері мен үй жануарларына аллергиясы бар екені анықталған. Үш жыл қатарынан дәрігердің бақылауындамыз дейді.
Толқын Қадырқызы, қала тұрғыны:
Аллергия 2018 жылы, балабақшада жүргенде шықты. Шөпте ойнғағанда бала дем ала алмай қалды, сараптама жасағанда шөптен, қой, сиыр аллергия жануардан. 2018-ден бері 3 жыл болды келіп жүрміз.
Мамандардың сөзінше, 1 жасқа дейінгі сәбилердің көбінде тамаққа және шаңға аллергиясы бар. Оның ішінде 90%- і тікелей күнделікті азық-түлікпен байланысты. Одан бөлек, химиялық тауаралардың да бала денсаулығына келтірер залалы жеткілікті. Ал соңғы жылдары анасының сүтіне де аллергиялық реакциясы бар сәбилер тіркелуде.
Жаңагүл Жанатовна, балалар аллергологы:
Себептері әр түрлі төсін емгендер бар, дерматитпен, кішкентай мектеп жасында аллергиялық ренит болады, жиі кезедеседі, маусымдық, бронихиалдық. Тұқым қуалалайтын, экологияның нашарлауы, отбасылар көбіне қосымша дәмдегіш пайдалану, химиялық затар пайдалануы!
Сандарды қойып, халықтың өзінен сұрадық. Басым көпшілігі маусымдық аллергия мазалайтынын айтады. Оның ішінде гүл, шөп, шаң – негізгі қоздырғыштар.
Жалпы халықаралық зерттеулердің нәтижесі бойынша, әлемде аллергияға шалдыққандар саны 55 пайызға жуықтаған. Біздің елде жиі кездесетін екі түрі бар. Біріншісі, аллергиялық ринит пен бронихиалдық демікпе. Мәселен ринитпен 23,2%, бронх демікпесімен тұрғындардың 10% ауырады екен.
Осы ретте дәрігерлер баланың бойынан қандай да бір аллергиялық реакция байқалса міндетті түрде мамандарға қаралу қажеттігін айтады. Себебі, аллергенді анықтау арқылы түрлі ауруды алдын алуға септігін тигізеді.