Мамин әкімдер мен Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырма берді

pixabay.com
Ол облыс әкімдері мен Денсаулық сақтау министрлігіне барлық ауруханалардың, екпе пункттерінің, мобильді топтардың, ПТР зертханаларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин облыс әкімдері мен Денсаулық сақтау министрлігіне елдегі эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша тапсырма берді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

"Дельта штаммның" таралуына байланысты аймақтардағы эпидемиологиялық жағдай нашарлап барады. Республикамызда аурушаңдық деңгейі айтарлықтай өсті. Ауруханадағы төсек-орындардың науқастарға толу деңгейі 56%, жан сақтау бөлімінде - 44%, - деді Үкімет басшысы.

Асқар Мамин вакциналау бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды. Бүгінгі таңда елімізде 5,5 миллион адам вакцинаның бірінші компонентін, ал 4 миллион адам екіншісін алды.

Ведомствоаралық комиссия алдын алу шараларын жүргізуде, 2 тамыздан бастап өңірлерде күшейтілген карантиндік шаралар күшіне енді. Барлық қабылданған карантиндік талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажет. Бүгін Ashyq жобасы кәсіпкерлерге карантиндік шаралар жағдайында жұмыс істеуге мүмкіндік береді, - деді Премьер-министр.

Ол облыс әкімдері мен Денсаулық сақтау министрлігіне барлық ауруханалардың, екпе пункттерінің, мобильді топтардың, ПТР зертханаларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай -ақ, Ішкі істер министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігіне карантиндік-санитарлық нормалардың бұзылуын бақылау және анықтау бойынша мониторингтік топтардың жұмысын арттыруды тапсырылды.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы елдегі эпидемиологиялық жағдайдың оптимистік болжам бойынша дамып келе жатқанын айтқан болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда күн жылып, ауа температурасы +27°C-қа дейін көтеріледі

37 қылмыстық іс және 104-тен астам нысан: Қазақстан Қорғаныс министрлігін тексеру қашан аяқталады

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді

Қазақстан Ұлттық банкі ипотека мен автокредитке қатысты маңызды шешім қабылдады

Атырауда мектепте қызға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірім 15 жылға сотталды