Бокстан 2008 жылғы Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Токио Олимпиадасында ерлер арасында 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде басқа боксшы өнер көрсетуі керек екенін мойындады, деп хабарлайды zakon.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы ол Youtube-тегі LifeSport KZ арнасына берген сұхбатында айтты.
Егер Аманқұлдың жарақаты болса, онда оның орнына Тұрсынбай Құлахмет баруы керек еді. Лицензия алуға арналған іріктеу жарыстарына да Құлахметті апару қажет еді. Одан бірдеме шығар еді, оның жарақаты жоқ болатын. Неліктен жарақат алған адамды Олимпиадаға апарған? Тек қыдырып қайту үшін бе? Біз білдік қой, оның жарақаты ауыр екенін, өлсе де жүлде ала алмайтынын, - дейді Сәрсекбаев.
Оның пікірінше, бүгіндері елімізде бұл салмақта, шын мәнінде, медаль ала алатын боксшылар бар.
Демек, біз өз принциптерімізді мемлекеттік принциптерден жоғары қоятын болып тұрмыз? Ал, ондайда не айтарымды да білмеймін, - деп сөзін түйіндеді спортшы.