Нұр-Сұлтан коронавирустың таралу деңгейі бойынша "қызыл" аймақта. Мұнда тәулігіне 1500-ден астам инфекция жұқтыру жағдайы тіркелуде, - деді елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сарқат Бейсенова, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Елордада коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық жағдай күрделі. Бес ай бойына қала "қызыл" аймақта қалып келеді, ал соңғы 13 күнде жұқпалы ауруханалардағы төсек-орындардың науқастарға толу деңгейі 70% -дан асып кетті және 100 мың тұрғынға шаққанда төсек-орынмен қамтамасыз етілу деңгейі 200-ден жоғары кезінде Нұр-Сұлтан "қоңыр-қызыл" аймаққа да түсті. Кешеден бері инфекциялық ауруханалардың жүктемесі 69% құрады және елорда қайтадан "қызыл" аймаққа оралды, - деді Сарқат Бейсенова әкімдікте өткен брифингте.
Оның айтуынша, шілдеде аурушаңдық көрсеткіші мамыр айындағы көрсеткіштен 2,4 есе, ал маусым айында 2,3 есе артты.
Шілдеде пандемия басталғалы 100 мың тұрғынға шаққандағы ең жоғары апталық көрсеткіш тіркелді - 915,9. Күнделікті тіркелген жағдайлардың орташа көрсеткіші маусымдағы 388 -ден шілдеде 1200 -ге дейін өсті. Соңғы 19 күнде тәулігіне 1500-ден астам жағдай тіркеліп келеді, - деді елорданың бас дәрігері.