Қазақстанда тамақ сататын нысандарға қатысты санитарлық талаптар қабылданды

pixabay.com
Құжат 9 қазанда күшіне енеді.

Қазақстанда азық -түлік тауарларының көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қатысты санитарлық -эпидемиологиялық талаптар қабылданды. Тиісті бұйрыққа ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Анықталып, қойылатын талаптар:

- объект салу үшін жер учаскесін таңдау, жобалау, жаңаларын салу, реконструкциялау, қайта жабдықтау, қолданыстағы объектілерді қайта жөндеп, дамыту және кеңейту, объектілерді жөндеу және пайдалануға беру;
- сумен, кәріз, жылу желілерімен жабдықтау, жарықтандыру, желдету, салқындату қондырғыларын орнату;

- үй -жайларды, ғимараттарды, құрылыстар мен қондырғыларды күтіп ұстау және пайдалану;
- тамақ (азық -түлік) шикізатын өңдеу, қабылдау, сақтау, тасымалдау, тамақ өнімдерін буып-түю және өткізу;
- тұтыну қалдықтарын жинау және сақтау;
- өндірістік бақылауды, еңбек жағдайлары мен тұтынушыларға қызмет көрсетуді, медициналық қамтамасыз етуді және қызметкерлерді гигиеналық тазалыққа үйрету, сондай-ақ объектілерде шектеу шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіне санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру әрі жүзеге асыру.

Құжат 9 қазанда күшіне енеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады