2021 жылдың ЖІӨ болжамы екпе салудың баяу жүруіне байланысты қайта қаралды

pixabay.com
ХВҚ Қазақстандағы экономикалық өсім болжамын 3,2% деңгейінде сақтап қалуы мүмкін, - деді Ұлттық банк басшысы.

Вакциналау процесінің баяу жүруіне және дамушы елдерде аурушаңдықтың артуына байланысты Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) 27 шілдеде 2021 жылға арналған ЖІӨ болжамын төмендету тұрғысында қайта қарастырды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Коронавирусты жұқтырудың жаңа жағдайларының көбеюі және вакциналау қарқыны әлемдік экономиканың да, Қазақстан экономикасының да қалпына келуінің маңызды факторлары болып қала береді. Вакциналау процесінің баяу жүруіне және дамушы елдерде аурушаңдықтың артуына байланысты ХВҚ 27 шілдеде 2021 жылға арналған ЖІӨ болжамын 0,4 пайыздық тармаққа - 6,3%-ға дейін төмендетіп, қайта қарады, - деді ол үкімет отырысында.

Дамыған елдерде, Досаевтың айтуынша, вакциналаудың жоғары қарқынмен жүргізілуі және ынталандырудың жалғасуына байланысты ХВҚ 2021 жылы 0,5 пайыздық тармаққа - 5,6% -ға дейін көбірек өсім болады деп күтеді. Халықаралық валюта қоры 2021 жылы ЖІӨ бойынша әлемдік болжамды 6% деңгейінде сақтады.

Дамушы елдердің дмау перспективалары нашарлағандықтан, олардың экономикасы 2022 жылдың соңына қарай қалпына келеді деп күтіледі. Соған қарамастан, ХВҚ Қазақстандағы экономикалық өсім болжамын 3,2% деңгейінде сақтап қалды, - деді Ұлттық банк басшысы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады