АҚШ Қорғаныс министрлігі 30 мың босқынды уақытша баспанамен қамсыздандыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды zakon.kz.
Fox News хабарлағандай, оның базалары Висконсин штатындағы Фортс Маккой мен Техастағы Блисс фортында орналасады.
Бұл бекіністер қазір мыңдаған адамдарды қабылдай алады. Тағы да жұмыстар атқарылып жатыр, біз олардың мүмкіндіктерін қысқа мерзімде кеңейтеміз, - деді Пентагон өкілі Джон Кирби.
Жалпы, АҚШ үкіметі SIV (Арнайы иммиграциялық виза) бағдарламасына қатысатын 30 мың ауған босқындарын қабылдауды көздеп отыр. Кирби эвакуациялау кезінде SIV бағдарламасына қатысатын ауған босқындарына қарағанда америкалық азаматтарға басымдық берілмейтінін баса айтты. Әуежай жұмыс істеп тұруы үшін Кабулда 6 мыңға жуық АҚШ әскері орналастырылады деп күтілуде.
Біз мүмкіндігінше әуежайдағы әуе операцияларын бақылайтын боламыз, - деді Кирби.
Әскерилердің міндеті - босқындарға ұйықтай алатын, тамақпен қамтамасыз етілетін және медициналық көмек көрсетілетін орындар мен инфрақұрылым табу.
Естеріңізге сала кетейік, Ауғанстан президенті Ашраф Ғани отставкаға кетуге келісіп, елден кетті. Осыдан кейін тәліптер Кабулға кіріп, президенттік сарайды басып алды және енді мемлекеттің бұрынғы атауын қайтарылатынын жарияламақшы.
Бұқаралық ақпарат құралдары Америка Құрама Штаттары Қазақстанға, Тәжікстанға және Өзбекстанға Америкаға көмектескен 9000 ауғандықты уақытша қабылдауды сұрағаны туралы ақпарат таратты. Алайда, ҚР Сыртқы істер министрлігі өздеріне мұндай өтініштер келіп түспегенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік күштерінің басшыларымен Ауғанстандағы жағдайға байланысты жиын өткізді. Ол қазақстандық дипломаттар мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. Ел Президенті Кабулдағы елшіліктің жұмысы жалғаса беретінін баса айтты.