КСРО-ның бұрынғы президенті Михаил Горбачев Ауғанстандағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды zakon.kz.
Сәтсіздікті ертерек мойындау керек еді. Енді бұдан сабақ алу және мұндай қателіктерді қайталамау маңызды, - депті Горбачев Ауғанстандағы жағдай туралы пікірін сұраған РИА Новости басылымына.
Бұл әуел бастан қате шешім болған, бірақ бастапқыда Ресей оны қолдап шықты. Осыған ұқсас көптеген жобалар сияқты, бұл жерде де төнуі мүмкін қауіптер тым әсірелендіріліп, түсініксіздеу геосаяси жоспарлар құрылды. Бұған көпұлтты, тайпаларға бөлінетін қоғамды демократияландырудың мүмкін еместігі де қосылды, - деп атап өтті КСРО-ның экс-президенті.
Совет әскерін шығару Горбачевтің бастамасы еді. Ол КСРО-ның Ауғанстанда болуын саяси қателік деп санапты. Горбачев КСРО әскерін Ауғанстаннан шығару туралы шешім көптеген талқылаудан кейін қабылданғанын, бұл шешімді одақтың саяси және әскери басшылығы да, ең бастысы, халық қолдағанын айтты.
Әскерін шығаруды кеңес одағы 1989 жылы 15 ақпанда аяқтады. 2021 жылдың сәуірінде АҚШ осы жылдың 11 қыркүйегіне дейін Ауғанстаннан өз әскерін шығару жоспарын жариялады. Олар мерзімінен ерте кете бастаған. Бірақ соңғы апталарда Қазақстанда және басқа елдерде тыйым салынған "Талибан" ұйымы шабуылын күшейтті.
15 тамызда содырлар бүкіл Ауғанстанды бақылауына алды. "Талибан" өз мәлімдемесінде Кабулда соғыс жоқ деді. Олар Кабулдағы президент сарайына келіп, мемлекет басшыларымен болған келіссөзден соң билікті өз қолына алды. БАҚ-та айтылғандай Ауғанстан президенті Ашраф Гани республикадан қашып кетті. Ол Тәжікстан астанасы Душанбеге ұшып кетті деседі.