Науқастар 40 пайызға азайды – Асқар Мамин Тоқаевқа ахуалды баяндады

Ақорда
Президент Премьер-Министрге Жолдауды толық жүзеге асыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақорданың ақпаратына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы Жолдауды жүзеге асыру шаралары туралы баяндалды. Премьер-Министр Қазақстан Президентінің Жолдауындағы барлық бағытты жүзеге асыру үшін 7 қыркүйекке дейін Жалпыұлттық жоспар әзірленіп, Мемлекет басшысына бекітуге енгізілетінін жеткізді. Аталған жоспар экономиканың орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуды, денсаулық сақтау жүйесі мен білім беру сапасының тиімділігін арттыруды және аймақтық саясатты жетілдіруді қамтиды.

Асқар Мамин еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың жақсарып келе жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы екі аптаның ішінде вирустың таралу индексі 1-ден асқан жоқ, бүгінгі көрсеткіш – 0,87 болып тұр. Жұқпалы аурулар және жансақтау бөлімдеріндегі науқастар саны 40 пайызға азайған. Қазіргі уақытта 6,7 миллион адам вакцинаның бірінші компонентін қабылдаса, 5,5 миллион азамат екпені толық алған.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа импортқа тәуелділікті төмендетуге және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының құбылуына жол бермеуге қатысты алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жөнінде, егін жинау науқанының барысы мен еліміздегі экономикалық дамудың басқа да өзекті мәселелері туралы айтылды.

Кездесу соңында Президент Премьер-Министрге Жолдауды толық жүзеге асыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді. Мемлекет басшысы еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды түбегейлі жақсарту үшін Үкімет пен аймақ әкімдерінің үйлесімді әрі тиімді жұмысы аса маңызды екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Ақсу қаласында трансформатор өртенді

"Айына 500 млн теңге табыс". Kizdar.net сайтының артында кімдер тұрғаны белгілі болды

Алматыда Kizdar.net сайтының болжамды ұйымдастырушылары ұсталды

Қазақстан боксшылары Қытайда өтіп жатқан Әлем кубогының екінші кезеңін сәтті бастады