Футболдан Бразилия мен Аргентина арасындағы матч бастала салып, у-шумен аяқталды

instagram / neymarjrsiteoficial
Осы оқиғаға байланысты Оңтүстік Американың футбол конфедерациясы ФИФА-ға шағымданатынын жеткізді.

Жергілікті билік футболдан Бразилия мен Аргентина құрамалары арасында өтіп жатқан Оңтүстік Америка аймағындағы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчын кілт тоқтатып, жанкүйерлерді де, спортшылардың өзін де у-шу қылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүкіл әлемдегі жанкүйерлер асыға күткен ойын бастала салысымен тоқтатылды. Оған Аргентина ұлттық құрамасының төрт ойыншысының COVID-19 стандарттарына қажетті құжаттардың сәйкес келмеуі себеп болған.

Ойынның жетінші минутында алаңда полиция қызметкерлері мен санитарлық қызмет өкілдері қаптап келіп, ойынды тоқтатты. Бірнеше минутқа созылған келіссөзден кейін Аргентина командасы алаңнан кетуге мәжбүр болды.

Тексеру органының мәлімдеуінше, Аргентинаның 4 ойыншысы кездесуге дейін Ұлыбританияда болып, Бразилияға келген соң 14 күндік карантинді сақтамаған. Сондықтан ойынды жалғастыруға құқы болмаған. Аргентина өкілдері барлық талапты орындағанын айтып ақталған. Осы оқиғаға байланысты Оңтүстік Американың футбол конфедерациясы ФИФА-ға шағымданатынын жеткізді.

Қазіргі уақытта матч белгісіз мерзімге кейінге шегерілді, әртүрлі деңгейде тексеру басталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады: Заң жобасы әзірленді