Несиені онлайн тіркету процедурасы енді қиындай түседі

zakon.kz/ Павел Михеев
Жаңа талап-ереже басқа адамға шағын несие тіркету тәуекелдерін жою және микроқаржы ұйымдарының тұтынушыларға қатысты жеке бас мәліметтері қауіпсіздігін күшейту мақсатында әзірленді.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі электронды құралдар көмегімен шағын несие тіркету ережесіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Жоба басқа адамға шағын несие тіркету тәуекелдерін жою және микроқаржы ұйымдарының тұтынушыларға қатысты жеке бас мәліметтері қауіпсіздігін күшейту мақсатында әзірленді, оның ішінде микронесие беру кезінде клиентті бағалау механизмін қолдануда ұялы байланыс операторының дерекқорындағы абоненттік нөмір иесінің жеке сәйкестендіру нөмірімен өздеріне ұсынылған жеке сәйкестендіру нөмірді салыстыра отырып, тексеру де бар, делінген құжатта.

Сондай-ақ, тұтынушының жеке кабинетіндегі сәйкестендіру мен аутентификациялауға қатысты бірқатар өзгерістер енгізілді.

Қаулы жобасы 17 қыркүйекке дейін қоғамның талқылауы үшін "Ашық НҚА" сайтына орналастырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Колумбияға алғаш барды. Әнші Богота әуежайында жанкүйерлері қалай қарсы алғанын көрсетті

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады