2021 жылғы 15-17 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтандағы Nazarbayev Ortalygy-да XVII Еуразиялық Медиа Форум өтеді, де хабарлайды zakon.kz.
3 күндік бағдарлама бойынша өтетін панельдік сессиялар, шеберлік кластары мен дөңгелек үстелдерде медиа, технология, киберқауіпсіздік, саясат, экономика, экология және т.б. салалардың қазақстандық және шетелдік спикер-сарапшылары сөз сөйлейді.
Еуразиялық Медиа Форум бағдарламасы үш күнге жоспарланған.
Бірінші күн әлемдік сарапшылар келесі тақырыптар бойынша шеберлік кластарын өткізеді:
- "Digital-дағы әлеуметтік жобалар: тиімді құралдар және үздік тәжірибелер", продюсер Бексұлтан Қазыбек;
- "Сторителлинг: кез келген оқиғаны өзгелерге ұнайтындай етіп айтып беру", деректі кино авторы Клементин Мальпас;
- "Сыни ойлау неліктен соншалықты маңызды?", Macat International Ltd негізін қалаушысы Салах Халил;
- "Болашақты қалай басқаруға болады?", Кремний алқабынан келген жазушы, режиссер Эндрю Кин;
- "Мультимедиалық платформалар", Еуропа Жаңалықтар Академиясының оқытушысы Сергей Становкин;
- "Digital me: әлеуметтік желілерде отыру әдетінен арылып AI және сингулярлыққа кіруге дейін", визионер және Big Data бойынша сарапшы Евгений Черешнев;
- "Әлеуметтік маркетинг", RedMe басшысы Ольга Шаратута.
Сонымен қатар, Форумның бірінші күні дәстүрлі дөңгелек үстелдер өтеді, биыл олар 2 өзекті тақырыпқа арналған: "Жаңа бұрылыс: Ауғанстандағы оқиғалардың Орталық Азияға әсері қандай болуы мүмкін?" және "Түркітілдес елдердің БАҚ-ы. Қазіргідей жағдайда ынтымақтастықты дамыту".
Екінші күні төрт ауқымды сесия өткізіледі:
- "Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған сессия";
- "Пандемия әлемді қалай өзгертті және жаһандық өмір сүрудің жаңа бағыттарын қалай анықтады?!";
- "Ақпарат көп – шындық аз";
- "Жасыл стратегия. Тағы бір соңғы мүмкіндік".
Екінші күнгі спикерлер арасында: ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі Бесінші Өкілі Тереза Рибейру, журналист және жүргізуші Ксения Собчак, Netflix-тегі көптеген марапаттауларға ие болған "A Plastic Ocean" деректі фильмінің авторы Джо Ракстон, эпидемиолог, инфекциялық аурулардың таралуын бақылау және алдын алу саласының сарапшысы Михаил Фаворов, сонымен қатар Euronews, Bloomberg, түркиялық NTV, Mash, EUObserver өкілдері және басқалар.
Форумның үшінші күні төрт сессияда төмендегі маңызды мәселелер талқыланады:
- "Ашушаңдық дәуірі. Әлемді билеп тұрған кім?";
- "Медиа және технологиялар. 2021 трендтері";
- "Еңбек нарығының болашағы және білім";
- "Орындалған келешек әлемі".
Форумның соңғы күні өтетін сессиялардың спикерлері арасында: швед экономисі және стратегиялық кеңес беруші Кьелл Нордстром, ғалым, философ, футуролог, бестселлерлердің авторы, "виртуалды шынайылық" терминінің авторы Джарон Ланье, Google-дің машиналық оқыту бойынша 17 жасар сарапшысы, кеңес беруші IBM инженер-бағдарламашысы Танмай Бакши, режиссер және продюсер Тимур Бекмамбетов, Кремний алқабындағы цифрлық революция саласының сарапшысы Эндрю Кин, журналист, "подкаст" терминін ойлап табушы Бен Хаммерсли, Tik Tok жұлдызы Алина Ким, адам тәріздес роботтар құрастырушы Хироси Исигуро, BioLink негізін қалаушысы Евгений Черешнев және т.б.
Форум биыл гибридті форматта өтеді, спикерлер онлайн, сол сияқты оффлайн форматта қатысады.