"Боран" ғарыш кемесіне талас. Қазақстанның соттасып жатқанына үш жыл болды

2019 жылы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Дәурен Мұсаға тиесілі "Байқоңыр" ҚР АҚ компаниясына қарсы сотқа жүгінді. Департамент серіктестікті таратып, кемені мемлекетке қайтаруды талап етті.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Боран" ғарыш кемесі үшін мемлекетіміздің соттасуды жалғастыратынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Дәурен Мұса деген азамат өз жазбасында Қазақстан билігінің үш жыл бойы ештеңені аямай, өздерімен соттасып жатқанын айтады. Бұл рас және біз ары қарай да соттаса береміз, өйткені біздің мақсатымыз - заңдылық пен әділеттілікке қол жеткізіп, мемлекеттің мүлкін, оның ішінде "Боранды" қайтару, - деп жазды Бағдат Мусин Facebook-те.

Оның айтуынша, "Байқоңыр" ЗҒК АҚ компаниясы бұрынырақта "КРИСП Аэлита" деп аталған. Ол Байқоңыр ғарыш айлағының мүлкін сақтау үшін Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік компанияларының (Инфракос РМК және Энергия РСК) қатысуымен құрылған. Жарғылық капиталдың үлесі ретінде Қазақстан мүлікті қосқан, соның ішінде "Борандар" да бар. "Боран" Дәурен Мұсаның меншігі емес, "Байқоңыр" ҚР АҚ-ға тиесілі, деп атап өтті министр.

Мұса халықаралық компанияның тең қожайыны бола отырып, оны "Байқоңыр" ЗҒК АҚ деп атап алды. Компаниядағы үлесіне үш мәміледен соң қол жеткізді. Министрдің айтуынша, сот олардың екеуін заңсыз деп таныған.

Алдағы уақытта үшінші мәміленің заңдылығын да тексертуге ниеттіміз. Біз Дәурен Мұсаның бұл компанияға да, мүлікке де және Боранаға да құқығы жоқ деп есептейміз, деп жазды Мусин
.

Бұған дейін ресейлік "Молния" ғылыми-өндірістік бірлестігі атышулы қазақстандық "Боран" кемесі тасымалы мәселесімен айналысып жатқанын хабарлаған болатын. Алайда компания иесі Дәурен Мұса кемені сатпағанын айтып, ресейліктерді Қазақстан соттарының шешімдерін құрметтемейді деген айыптады.

Бұған жауап ретінде "Роскосмос" басшысы Дмитрий Рогозин Қазақстан билігінің келісімінсіз Ресей өзіне тиесілі емес мүлікті экспорттауды жоспарлай алмайтынын айтты.

Сот шешімінен соң "Боранға" шынымен де қамқор болар жан табылар, не болмаса, Дәурен Мұсаға жаһандық маңызға ие экспонаттарды ұстап, сақтау үшін едәуір инвестиция жұмсауға тура келеді, - дейді Рогозин.

2019 жылы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Дәурен Мұсаға тиесілі "Байқоңыр" ҚР АҚ компаниясына қарсы сотқа жүгінді. Департамент серіктестікті таратып, кемені мемлекетке қайтаруды талап етті. Алайда бірінші және екінші сатыдағы соттар талап-арызды қанағаттандырудан бас тартты.

"Боран" зымыранының үш данасы құрастырылған. Бірінші ғарыш кемесі ғарышқа 32 жыл бұрын ұшырылды. Жерге қонған соң ол Байқоңыр ғарыш айлағында тұрған. 2002 жылы ол құрастыру-сынау кезінде құлап, бүлінген. Салдарынан жеті адам қаза тапты.

Байқоңыр ғарыш айлағында орналасқан екінші "Боран" кемесі ғарышқа 1991 жылы ұшырылуы тиіс еді. Бірақ бұл жоспар орындалмады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: