Путин мұрнын сындырғанын айтты

Kremlin.ru
Сынған! Оның сынғанын кейін білдім. Мұрын қалпына келді, ал мен осыдан кейін күреспен айналысқан дұрыс деп шештім, - деді РФ президенті.

Ресей президенті Владимир Путин бокс жаттығуы кезінде мұрнын сындырып алғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Ресей Федерациясының көшбасшысы "Россия 1" телеарнасындағы "Мәскеу. Кремль. Путин" бағдарламасында олимпиадашылармен кездесуде өз естеліктерімен бөлісті.

Үшінші немесе төртінші жаттығуда мұрным сынды <...> Мен ешқайда, дәрігерге де барған жоқпын. Бірақ мұрынға саусақ тигізудің өзі мүмкін емес еді. Сынған! Оның сынғанын кейін білдім. Мұрын қалпына келді, ал мен осыдан кейін күреспен айналысқан дұрыс деп шештім, - деді РФ президенті.

Путин дзюдо мен самбодан спорт шебері. 2006 жылы Еуропадағы дзюдо одағының құрметті президенті болса, 2010 жылы Ёнин университетінің "Дзюдо докторы" құрметті дипломын алды.

Ресей Федерациясы президентінің каратэден де қара белбеуі бар. 2013 жылы ол Кореяның әскери таэквондодан тоғызыншы данның иегері болды, 2014 жылдың қарашасында "Кекусин-кан каратэ-до" халықаралық ұйымы Путинге "Кекусин-кан" сегізінші данын берді.

Сонымен қатар ол шаңғы мен хоккейді жақсы көреді. Ол табиғат аясындағы демалысты - балық аулауды, атпен серуендеуді және өзенге жүзуді ұнатады.

Жайна Тәттімбетова

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды

ҰБТ сертификатына қатысты талапкерлерге маңызды ескерту жасалды