Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2026 13:55 Фото: Zakon.kz
Астана қаласы Байқоңыр аудандық криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық дерегі бойынша 32 жастағы азаматты ұстады.

Тергеу барысында күдіктінің жеткізу қызметінде жұмыс істейтіні анықталды. Жәбірленуші курьер шақырып, оның көлігіне сатып алған 200 дана құрылыс материалдарын тиеп берген.

Алайда күдікті сенімге кіріп, жүкті белгіленген мекенжайға жеткізбестен, қабылдау пунктіне өткізіп жіберген. Осылайша, түскен қаражатты жеке пайдасына жаратқан.

Қазіргі таңда күдікті өз кінәсін толық мойындады. Келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен 300 мың теңгені құрайды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция азаматтарды сақ болуға, бейтаныс тұлғаларға мүліктерін сеніп тапсырмауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: