Есеп комитетінің экс-мүшесі Талғат Жақан Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасына барды, деп хабарлайды zakon.kz.
"Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы" ММ басшысы: Жақан Талғат Амангелдіұлы, делінген ҚР Президенті істері басқармасының хабарламасында.
9 қыркүйекте Сенат депутаттары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Талғат Жақанды қызметінен босатты.
Талғат Жақан 2007 жылғы шілдеден қазан айына дейін ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі болды;
2007 жылдың қазанынан 2010 жылға дейін - ҚР Парламенті Сенаты Аппарат жетекшісінің орынбасары;
2010 жылдан 2012 жылдың ақпанына дейін - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің Макроэкономикалық талдау және бағдарламалар мониторингі бөлімінің меңгерушісі;
2012 жылдың наурызынан қазанына дейін - ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі;
2012 жылдың қазанынан 2014 жылдың шілдесіне дейін - ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыстар бөлімінің мемлекеттік инспекторы;
2014 жылдың шілдесінен 2016 жылдың қыркүйегіне дейін - ТМД Атқару комитетінің қаржы департаментінің директоры (Мәскеу);
2016 жылдың 16 қыркүйегінен 2021 жылдың қыркүйегіне дейін - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі.