Бөлінген ақшаны игеру үшін су шықпайтын жерді қазып жатыр

Түркістан облысында ауыл тұрғындары әкімге арықтың суын ішкізді.

Ауыз суды күте-күте үміті әбден үзілген Түркістан облысындағы Алпамыс батыр ауылының тұрғындары әкімге арықтың суын берді, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл аймақтағы жалғыз су көзі – арық. Арықтың суы Өзбекстаннан келеді екен. Адамдар қорықса да, амалының жоқтығынан ішеді. Сырттан жеткізілетін суды сатып алып ішуге елдің ақшасы жетпейді.

Бұл арықта малдың да өлексесін, ит пен құстың да өлексесін, қоқыстың да жатқанын көріп жүрміз. Қанша микроб барын елестетудің өзі қорқынышты. Соған қарамастан, біз оны ішуіміз керек. Салдарынан, балаларымызда ішек паразиттері пайда болды, дейді Мөлдір Сатыбай.

Тұрғындар ауыз су проблемасын көрсету үшін, жергілікті әкімге бір шелек су әкелді. Бұл менің де күнде ішіп жүрген суым ғой деген әкім ол суды ішіп алыпты. Сосын әкім ауыл тұрғындарына бұл мәселенің жақын арада шешілетінін, қазірдің өзінде жаңа ұңғыманың бұрғылау жұмыстары жүргізіліп жатқанын және жыл соңына дейін үйлердің таза сумен қамтамасыз етілетінін айтты.

Бірақ халық бұл сөздерге сенбейді. Бұған дейін, ауыл тұрғындарына шенеуніктердің өзі жаңа құдыққа үміт артудың қажеті жоқ екенін айтқан. Ол жерде су жоқ.

Олар су шықпайтынын біле тұра, қазуды жалғастыруда! Біз "су шықпайтынын білсең неге қазасың" деп сұраймыз. Олар "біз бөлінген қаржыны игеруіміз керек" дейді. Иә, олар тура осылай деді! Бірақ бұл ақшаны босқа ысырап ету! Оның үстіне мұны өздері де ашық айтып отыр, деп есептейді Гаухар Жораева.

Аймақтағы ауыз су мәселесін шешуге 893 миллион теңге жұмсау жоспарланып отыр. Бұл ақшаға олар құдық бұрғылап, 25 шақырым құбыр салады. Жоспарға сенсек, ауыл тұрғындары су мәселесін ұмытуы тиіс.

Қазір құдық шамамен 55-70 метр тереңдікте қазылып, әрі қарай тереңірек қазыла бермек. Су міндетті түрде болады! Құдықта су пайда болғанша қаза береміз, дейді Алпамыс ауылдық округінің әкімі Ерлан Әділханов.

Айтпақшы, әкімдік осыдан 11 жыл бұрын осы жерден су шығаруға тырысыпты. Соған 100 миллион теңге жұмсады, дейді жергілікті тұрғындар. Бірақ бір тамшы су да шыққан жоқ!

Жайна Тәттімбетова

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: