Қазақ пен Түркия бауырлас ел – Зауытбек Тұрысбеков

ДҚҚ баспасөз қызметі
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Түркияда қазақтардың кіші құрылтайын өткізді.

"Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы" РҚБ мен "Отандастар қоры" КеАҚ ұйымдастыруымен Стамбұл қаласында Түркия және Еуропада тұратын қандастарымыздың қатысуымен кіші құрылтайын өткізді.

Құрылтай Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналып, "Жаһандану өркениетіндегі қазақ әлемі" тақырыбында өтті.

Іс-шараға Түркиядағы және Еуропа елдерінен арнайы шақырылған қазақ диаспорасының өкілдері мен Ыстамбұл қаласы Бағжылар ауданының әкімі Локман Чағырыжы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков, Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулы Әлім Байел, "Отандастар Қоры" КЕАҚ Вице-президенті Мағауия Сарбасов және тағы басқалары қатысты.

Құрылтай әйгілі спортшы Мұстафа Өзтүрік атындағы саябақтың ашылу салтанатымен басталды.

Құрылтайда Зауытбек Тұрысбеков этникалық қазақтардың Түркияда өмір сүруінің тарихи аспектісіне тоқталып, Қазақ пен Түркия ауырлас ел екенін атап өтіп, біздің елдерімізде тілдер мен дін, мәдениет пен руханият бір-бірімен байланысты екенін атап өтті. Екі мемлекет арасындағы белсенді өзара қарым-қатынасы мен шетелдегі қандастарды мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді. Сондай-ақ, Түркия тарапына шетелдегі қандастарға қатысты қазақстандық бастамаларға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Сонымен қатар, Құрылтай шеңберінде "Алыстағы ағайын" фильмі, "Алтын тамырлы Атажұрт" көрмесі, қазақ диаспорасының жастарына арналған қазақстандық жоғары оқу орындарының "Білім көрмесі" ұйымдастырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті