Мұхаммед пайғамбардың каррикатурасының авторы - швед Ларс Вилкс пен оның оққағарлары жол апаты салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
SVT телеарнасының хабарлауынша, суретші мінген көлігі жүк көлігімен соқтығысқан. Екі көлік те өртеніп, отты сөндіру кезінде жол бірнеше сағатқа жабылды. Жүк көлігінің жүргізушісі аман қалды, бірақ ол ауыр жарақат алды.
Апаттың қалай болғаны, әзірге айта алмаймыз. Тергеу нәтижесін күту керек, - деді полиция өкілі Рикард Лундквист.
Швециялық БАҚ Мұхаммед пайғамбардың каррикатурасы 2007 жылдың жазының соңында швед газеттерінің бірі Нерикес Аллеханда жарияланғаннан кейін Ларс Вилкс туралы жаза бастады. Осы жарияланымнан кейін Ларс Вилкс полицияның қорғауында болды, өйткені оған жан-жақтан доқ көрсетіле бастады.
Ларс Вилкс төңірегіндегі жағдай 2005 жылы Данияның Jyllands-Posten газетінде Мұхаммед пайғамбардың каррикатурасын салған басқа суретшіге байланысты басталған жанжалды қайта бұрқ еткізіп, әлемде наразылық толқынын тудырды.