Түрмеде қанша адам ковид жұқтырды

zakon.kz/Максим Золотухин
Елімізде сотталғандардың 96,7% коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алған.

Пандемия басталғаннан бүгінгі күнге дейін Қазақстанда сотталғандар арасында ковид жұқтырған 214 науқас тіркелді. Бұл туралы ҚР ІІМ ҚАЖД сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Жанар Шайдуллина мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Пандемия басталғаннан және елімізде алғаш коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы тіркелгеннен бастап біз арнайы контингент арасында ауруды жаппай жұқтыру жағдайларының алдын алу үшін барлық шараларды қабылдадық. Бүгінгі күні 2020 жылдың наурыз айынан бастап КВИ жұқтырудың 214 жағдайы тіркелді, - деді ол брифингте.

Оның айтуынша, бүгінгі күнге дейін қолға алынған коронавируспен күрес шаралары әлі де жүргізіліп келеді, қызметкерлердің 97% -ы, арнайы контингенттің 96,7% -ы инфекция жағдайларының алдын алу үшін вакцина алған.

Брифингте маман дәрі-дәрмек сатып алуға және науқастарды емдеуге қажетті барлық қаражат толықтай бөлінгенін айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі