Қазақстанда үй жануарларын чиптеу міндеттеледі

zakon.kz
Енді үй иелері жануарларын тіркетпесе, 10 АЕК (29 170 теңге) көлемінде айыппұл төлеуіне тура келеді. Егер заң бұзушылық қайталанса, айыппұл көлемі жоғарылайды.

Қазақстандықтар үй жануарларына микрочип салу міндетті болады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Жануарларды тіркеу тәртібі жүргізілетін болады, оны ветеринарлық клиникаларда немесе жануардың иесі де жасай алады. Өйткені қазір тіркеуге алу затын үйде дербес қолдануға болады. Барлық деректер ветеринарлық клиникалар жүргізетін мәліметтер базасына енгізіледі. Дегенмен тіркелмеген жануарды ветеринарлық клиникаға алып келсе, кез келген жағдайда оған қажетті көмек көрсетіледі. Бірақ егер үй жануары тіркеуге алынбаса, онда оған әкімшілік жауапкершілік қарастырылады. Бұл қазір қарастырылып жатқан заң жобасы қабылданған жағдайда орын алады, - деді Әлия Шалабекова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Енді үй иелері жануарларын тіркетпесе, 10 АЕК (29 170 теңге) көлемінде айыппұл төлеуіне тура келеді. Егер заң бұзушылық қайталанса, айыппұл көлемі жоғарылайды.

Біз қаңғыбас мысықтар мен иттерді бұрын үй жануарларына жатқызып келдік. Егер олар анықталып, тіркеуге алынса, онда, ертең үй жануарлары үйінен қашып немесе адасып қалып жатса, оларды оңай таба аламыз, Екінші жағынан, жануар санының тоқтаусыз өсіміне жол бермес үшін де бұл шара қажет, - деді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды