"Астана" баскетбол клубы ВТБ Біріккен Лигасында жеңіліп қалды

pbcastana.kz
Ойынның шешуші сәтінде Нижний Новгород отандастарымыздан 9 ұпайға озып, ақыры жеңімпаз атанды.

Елордалық "Астана" баскетбол клубы ВТБ Біріккен лигасының кезекті чемпионатында ресейлік "Нижний Новгородпен" кездесу өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Матч 76:73 (16:22, 26:20, 22:13, 12:18) есебімен ресейлік баскетболшылардың пайдасына аяқталды. Ойынның алғашқы он минутында алты ұпай жинап үлгерген қазақстандық команда екінші кезеңде ресейліктерден жеңіліп қалды.

Ойынның шешуші сәтінде Нижний Новгород отандастарымыздан 9 ұпайға озып, ақыры жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздар арасында қарсылас сапынан ең көп доп соққан Роландас Фрейманис (25 ұпай). "Астанада" допты көп соққан Джейлен Берфорд (32) . Екі турдан кейін Нұр-Сұлтан қаласының баскетболшылары турнир кестесінде 12 команданың арасындағы 6-шы орынға жайғасты.

Үшінші турда "Астана" Польша чемпионы - "Зиелона Горамен" кездеседі. Матч 14:00-де басталады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды