Ұлттық банк: Іскерлік белсенділік индексі төмендеді

zakon.kz
Ұлттық Банктің деректері бойынша сауалнамаға 462 кәсіпорын қатысты.

ҚР ҰБ ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймарданов 2021 жылғы қыркүйектегі іскерлік белсенділік индексі туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Алынған бағалау нәтижелері бойынша іскерлік белсенділік индексі қыркүйекте төмендеп, теріс аймаққа өтті, 49,8-ді (тамызда – 50,2) құрады. Бұған құрылыс секторларындағы көрсеткіштердің 49,3-ке (тамызда – 51,9) және көрсетілетін қызметтер көрсеткіштерінің 49,1-ге (тамызда-50,7) дейін қысқаруы әсер етті. Құрылыс секторындағы көрсеткіштің нашарлауы іскерлік белсенділік пен жұмыспен қамту деңгейінің төмендеуіне, ал көрсетілетін қызметтер секторында – жаңа тапсырыстар мен жұмыспен қамту деңгейінің төмендеуіне, сондай-ақ жеткізу мерзімдерінің ұлғаюына байланысты, деді Жандос Шаймарданов.

Дегенмен, оның айтуынша, өнеркәсіптегі көрсеткіш жаңа тапсырыстардың, жұмыспен қамтылу деңгейінің және жаңа өнімнің ұлғаюы салдарынан 50,9-ға (тамызда – 49,1) дейін өсті.

Мәселен қыркүйекте 10 өңірде іскерлік белсенділіктің жақсаруы, 7 өңірде нашарлауы байқалды. Іскерлік белсенділіктің неғұрлым жоғары деңгейі Түркістан (54,9) және Шығыс Қазақстан облыстарында (53,8), төмен деңгейі Қызылорда облысында (40,2) байқалды.

2021 жылдың қыркүйегінде респонденттер елдегі бизнес жағдайының нашарлағанын атап өтті. Ағымдағы бизнес-шарттарды бағалау бойынша жауаптар теңгерімі теріс болып, (- )1,0-ді (тамызда +1,7) құрады. Барлық секторлардың кәсіпорындары өнімге/қызметке сұранысты, коммуникацияларға және қаржыға/кредиттерге қолжетімділікті оң бағалады. Сондай-ақ, салық жүктемесі және бизнесті қорғау мәселелері бір ай бұрынғыдағыдай теріс баға алды.

Кәсіпорындардың бизнес-жағдайларға қатысты оптимизмі келесі 6 айға төмендеді: болашақ жағдайларды бағалау 13,5-ті құрады (тамызда – 17,6). Нәтижесінде экономика бойынша бизнес-климат индексі 6,1-ге дейін төмендеді (тамызда – 9,5).

Ұлттық Банктің деректері бойынша сауалнамаға 462 кәсіпорын қатысты: құрылыс бойынша – 67, өнеркәсіп бойынша – 175, қызмет көрсету бойынша – 220.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті