Қазақстанда тоғыз банк жойылады

pixabay.com
Агенттік банк кредиторларының талаптары "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" заңда белгіленген кезектілік тәртібімен қанағаттандырылатынын атап өтті.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚР ҚНРДА) банктерді тарату рәсімдерінің тәртібі, процесі мен ағымдағы жағдайы туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазіргі уақытта тоғыз банк тарату сатысында тұр (Валют-Транзит Банк, Казинвестбанк, Дельта Банк, Қазақстанның Эксимбанкі, Астана Банкі, Qazaq Banki, Tengri Bank, AsiaCredit Bank және Capital Bank Kazakhstan), -деп хабарлайды ҚР ҚНРДА баспасөз қызметі.

Агенттік банк кредиторларының талаптары "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" заңда белгіленген кезектілік тәртібімен қанағаттандырылатынын атап өтті (10 кезек, 74-2-бап).

Банктердің қызметін тоқтатудағы басты мақсат - кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру, олармен есеп айырысуды қамтамасыз ету және барлық банктік операцияларды тоқтауы, делінген ресми хабарламада.


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі