Ресей Ауғанстанды террористік ұйымдар тізімінен шығармақ

twitter/regsecadvisory
Ресей Федерациясы президентінің бұл мәлімдемесіне Ауғанстан уақытша үкіметінің СІМ өкілі Абдул Кахар Балхи жауап берді.

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин 21 қазанда "Валдай" халықаралық клубының отырысында сөйлеген сөзінде "Талибанды" (Қазақстан, Ресей Федерациясы және басқа елдерде тыйым салынған ұйым) террористік ұйымдар тізімінен шығару мүмкін екенін айтты. Ол Мәскеудің ұстанымы "дәл осы бағытта қозғалуы тиіс" деп атап өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

ТАСС жазғандай, Ресей Федерациясы президентінің бұл мәлімдемесіне Ауғанстан уақытша үкіметінің СІМ өкілі Абдул Кахар Балхи жауап берді.

"Ауғанстан Ислам Әмірлігінің" Сыртқы істер министрлігі Ресей президенті Владимир Путиннің АИӘ басшыларының есімдерін қара тізімнен алып тастау туралы айтқан сөздерін құптайды", – деді ол.

Соғыс аяқталғандықтан әлем елдері Ауғанстанға деген көзқарастарына оң өзгерістер енгізуі керек. Біз өзара түсіністік қағидаты негізінде халықаралық қоғамдастықпен жақсы қарым-қатынасқа ұмтыламыз, деп қойды ол.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді