Шавкат Мирзиёев 80,1% дауыс жинап, екінші мерзімге сайланды

president.uz
Өзбекстан 1991 жылы тәуелсіздік алғалы алтыншы рет президент сайлауын өткізіп отыр.

Өзбекстанда жексенбі күні өткен президент сайлауында қазіргі мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёев жеңіске жетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Орталық сайлау комиссиясы мәлімдегендей, президент сайлаушылардың 80,1% дауысын алған.

Ресми мәліметке сәйкес, "Халықтық демократиялық партиядан" Максуда Варисова 6,6%, "Ұлттық жаңғыру партиясының" лидері Алишер Кодиров 5,5%, "Экологиялық партиядан" Назрулло Обломурадов 4,1%, "Әділет" партиясынан Бахрам Абдухалимов 3,4% алған.

Өзбекстандағы президент сайлауына сайлаушылардың 80 пайыздан астамы келіп, дауыс берген.

Өзбекстан билігі оппозиялық үш партияның тіркелуіне, президент сайлауына кандидатын ұсынуына рұқсат бермеді.

Өзбекстан 1991 жылы тәуелсіздік алғалы алтыншы рет президент сайлауын өткізіп отыр.

Мирзиёев президенттік алғашқы мерзімі аяқталуға жақындағанда Өзбекстанды 27 жыл үздіксіз басқарып, 2016 жылы қайтыс болған Ислам Каримовтың авторитарлық әдеттеріне оралып жатыр деген пікірлерді жоққа шығаруға тырысқан.

Орталық сайлау комиссиясының жексенбі, кешкі сағат 20-дағы мәліметіне қарағанда президент сайлауына 16 миллионнан астам адам дауыс берген. Сайлаушылар тізімінде барлығы 20 миллионға жуық адам бар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды