Халық санағын жылдам өткізу жағынан Түркістан чемпион болды

Республика бойынша алдыңғы қатарда екен өздері.

Түркістан облысының тұрғындары жалпы халық санағынан 98,6% өтіп, республика бойынша алдыңғы қатарғы шығып алды. Сондай-ақ, облыс және республика көлемінде де бірінші болып Түркістан қаласы санақты 100% аяқтап отыр, деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов.

2021 жылдың халық санағына Түркістан облысында 340 нұсқаушы-бақылаушылар, 2 121 сұхбатшы жұмысқа тартылған.

"Халық санағының ІІ-кезеңі 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өтуде. Соның ішінде 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында Қазақстаннның әрбір азаматы санаққа өздігінен онлайн режимде қатысты. Жалпы облыста онлайн форматта 943 934 адам санақтан өтті. Халық санағы барысында алынған статистикалық деректер - еңбек нарығы мен жұмыссыздық деңгейін анықтауға, қажеттіліктерді білуге септігін тигізеді", - деді Арман Сәбитұлы.

Сонымен қатар, брифингке қатысқан Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Бағлан Қарғұлов санақ жұмыстары ағымдағы жылдың 30 қазанында аяқталатынын айтты.

"Санақ жұмыстары аяқталған соң 8 қараша дейін қайта бақылау жұмыстары жүреді. Кейін барлық өңірлерден жинақталған мәліметтер бойынша жалпы мәлімдеме жасалады", - деді Бағлан Абайбекұлы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: