Мұғалімдер жалақысының өскенін шындап сезінуі керек – Аймағамбетов

primeminister.kz
Министр университет оқытушыларының жалақысын көтеру Президенттің тікелей тапсырмасы екенін ескертті. Тиісті бұйрыққа биыл тамыз айында қол қойылды, қазір мұғалімдер өскен жалақыны алуы тиіс.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғары оқу орындарының ректорларына мұғалімдердің жалақысы көтерілмеген жағдайда әкімшілік шара қолданамыз деп ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі "министр Асхат Аймағамбетовтің мемлекеттік және ұлттық университеттердің ректорларына батырып өткір сөйледі" деп хабарлады. Профессорлар құрамының жалақысы шынында көтерілмесе, әкімшілік шара қолданамыз деп ескертті.

Бұлай болмауы керек, бұл - көзбояушылық. Оны аудит пен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменттері қадағалауы керек. Мұғалімдер жалақысының айтарлықтай өскенін шындап сезінуі керек. Сондықтан бұл мәселеге тек қағаз жүзінде қалдырып, оған жүрдім-бардым қарамауды сұраймын. Бұл жерде ешкім ештеңе көрмей, білмей, түсінбей отыр деп ойламаңыздар, – деді Аймағамбетов.

Министр университет оқытушыларының жалақысын көтеру Президенттің тікелей тапсырмасы екенін ескертті. Тиісті бұйрыққа биыл тамыз айында қол қойылды, қазір мұғалімдер өскен жалақыны алуы тиіс.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті