Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев ең ластанған 10 қаланың экологиялық жағдайын жақсарту жоспарын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жүргізілген мониторинг нәтижесінде 45 өнеркәсіптік қаланың 10-ы атмосфералық ауаның жоғары ластану деңгейіне жатқызылды. Бұл Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент қалалары.
Ластанудың себептері арасында жабдықтардың тозуы, зауыттардағы шаң тазарту қондырғылары жұмысының тиімсіздігі, жаңғырту мен қайта құрудың болмауы, көмір жағу.
"Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасы аясында 16 кәсіпорынның шығарындыларын орташа есеппен 33%-ға төмендету көзделіп отыр. Бұған 565 млрд теңге жеке инвестициялар бағытталатын болады. Бұдан басқа, 10 қалада газдандыру немесе баламалы энергия көздеріне жеке сектор мен шаруашылық жүргізуші субъектілерді ауыстыру, оның ішінде қоғамдық көлікті газға немесе электр көлігіне ауыстыру бойынша жұмыс жүргізу қажет, - деді Серікқали Брекешев Үкімет отырысында.
Осылайша, "АрселорМиттал Теміртау" отынды газға ауыстыру және электр сүзгілерін қайта құру есебінен шығарындыларды 30%-ға төмендетуді жоспарлап отыр.
"Қазақмыс Смэлтинг" Жезқазған және Балқаш мыс қорыту зауыттары озық технологияларды қолдана отырып, жаңа күкірт-қышқыл цехтарын салуды жоспарлап отыр.
"Қазмырыш" Өскемен металлургия комбинаты күкірт қышқылы зауытының жылу алмастырғыштарын ауыстыруды қарастырады. Бұл шығарындыларды 21%-ға қысқартуға мүмкіндік береді.
"Қазхром" ТҰК " Ақтөбе ферроқорытпа зауыты электр сүзгілерін орнатуды бастады, бұл шығарындыларды 27%-ға азайтуға мүмкіндік береді.
Бақытжан Отарбаева