Қазақстан-Қытай шекарасы қашан ашылады?

gov.kz
Негізгі себеп – коронавирус бойынша тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай.

Сауда және интеграция Вице-министрі Ержан Қазанбаев Қытайдың неге өз шекарасын ашпайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz

Оның айтуынша, негізгі себеп – коронавирус бойынша тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай.

– Келіп түсетін тауарларды екі, кейде үш рет тазарту процесі жүреді. Осыған байланысты жүктер шекарада ұзақ уақыт тұр. Бизнеске көмектесу үшін біз Қытай тарапынан серіктестерімізбен тұрақты негізде келіссөздер жүргіземіз. Қандай да бір заттар бойынша біз өз тауарларымызды жеткізуді барынша қысқа мерзімде жүзеге асыру үшін уағдаласуға тырысамыз. Әлемде COVID-19 бойынша жағдай жақсармайынша, шекара жабық болуы мүмкін, – деді Ержан Қазанбаев ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, әлемдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде Қытай өз шекарасын аша бастайды.

Бұған дейін журналистер Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтен Қытай шекарасының жабылуына байланысты жаңа жыл қарсаңында азық-түлік тауары бағасы қымбаттай ма деп сұраған еді.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді