Үш бірдей аурухананың бас дәрігері қызметінен қуылды

pixabay.com
Оның екеуі халыққа екпе егу кезінде, егілмеген адамға құжат бергені үшін, тағы біреуі эпидемиологиялық іс шараларға қарсы, тартылған мамандарға қосымша үстемақы төлемегені үшін еңбек шартын бұзды.

Шығыс Қазақстан облысында үш бірдей аурухананың бас дәрігері қызметінен қуылды. Оның екеуі жалған вакцина паспортын жасағаны үшін жұмыстан шығарылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде аймақтағы ауруханалардың бес бірдей дәрігері жұмыстан қуылғаны туралы ақпарат тараған. Алайда, бүгін облыстың Денсаулық сақтау басқармасы тек үш басшының жылы орнымен қоштасқанын растады.

Гиппократ антын бұзғандардың екеуі аудандық ауруханада, ал біреуі Өскемен қаласындағы емханада бас дәрігер болған. Оларды жалған вакцина паспортын жасағаны және пандемия кезінде жұмыс істеген ақхалаттыларға үстемақы төлемегені үшін қызметінен босатыпты, делінген КТК жаңалықтарында.

Бекзат Сакигожина ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы әкімшілік бөлімінің басшысы:

Үш бас дәрігермен еңбек шарты бұзылды. Оның екеуі халыққа екпе егу кезінде, егілмеген адамға құжат бергені үшін, тағы біреуі эпидемиологиялық іс шараларға қарсы, тартылған мамандарға қосымша үстемақы төлемегені үшін еңбек шартын бұзды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Әлемнің жеті кереметі жайлы не білеміз

Қазақстанда үй жануарларын есепке алу ережелері өзгерді